19 / 45 · 0%
19 / 451 мин

Тыңдап, ойланып үйрену

19-қара сөз · Шошқа бақкан жақсы


Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хаким айтқан екен, сол секілді сөз болады.

0 Келесі сөз20. Зерігу және бос өмір

Түсіндірме

19-қара сөз · Шошқа бақкан жақсы

Негізгі ой

Адам есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып біледі. Естілердің сөзін ескеріп, жақсыны алып, жаманнан сақтанса ғана адам болады. Сөзді салғырт тыңдайтын елге айтқанша, «өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы».

Қарапайым тілмен

  • Адам «естіп, көріп, ұстап, татып» дүниедегі жақсы мен жаманды таниды.
  • Білгені, көргені көп адам білімді болады; естілердің сөзін ескерген кісі өзі де есті болады.
  • Естілік жеке өзі іске жарамайды: естігенді ескеріп, жаманнан сақтанса ғана адам десе болады.
  • Сөзді шайқақтап, салғырт тыңдаса, түсінбегенін қайта сұрамаса немесе ұғып тұрып та қайта қалпына кетсе — естігенінен не пайда?
  • Бір хаким: сөз танымайтын елге айтқанша, өзіңді танитын шошқаны баққан жақсы депті.

Қиын сөздер

Есті
ақылды, саналы.
Шайқақтау
тиянақсыз, жеңілтектікпен қарау.
Салғырт
немқұрайды, бейжай.
Тұшыну
дәмін татып, ұғып қабылдау.
Хаким
дана, ойшыл.

Ойлануға сұрақ

Түсінбей қалған сөзді қайта сұрап, түбіне жетуге ұяласың ба?

Бұл — редакцияның түсіндірмесі, Абайдың сөзі емес. Жасанды интеллект көмегімен дайындалды.

Цитатамен бөлісу