31 / 45 · 0%
31 / 451 мин

Білімді қалай сақтау

31-қара сөз · Төрт себеп пен төрт кемшілік


Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

0 Келесі сөз32. Ғылымды сүю жолы

Түсіндірме

31-қара сөз · Төрт себеп пен төрт кемшілік

Негізгі ой

Абай естіген нәрсені ұмытпаудың төрт себебін және ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт кеселді атайды.

Қарапайым тілмен

  • Бірінші — көкірегі байлаулы, берік болу.
  • Екінші — естігенде, көргенде ғибрат алып, «көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу».
  • Үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше рет қайталап ойланып, көңілге бекіту.
  • Төртінші — ой кеселінен аулақ болу, кез болса да салынбау.
  • Ой кеселдері: «уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу».

Қиын сөздер

Байлаулы
берік, тұрақты.
Ғибрәтлану
үлгі, сабақ алу.
Тұшыну
ұғып, сезініп қабылдау.
Кесел
зиян, ауру.

Ойлануға сұрақ

Жақсы бір ойды естігенде, оны есте сақтау үшін не істейсің?

Бұл — редакцияның түсіндірмесі, Абайдың сөзі емес. Жасанды интеллект көмегімен дайындалды.

Цитатамен бөлісу